Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.04.2022
150
Әр қырынан
Алпыстағы ақын
Алаңсыз шығып алып пенсияға,
Батырды қауырсынды мол сияға.
Жаза алмай жүруші еді атын да оңдап,
Енді ол алпысында ақын болмақ.
Тапжылмас талант
Айлап жинап, жыл жинап,
Бастырды да бір жинақ,
Талантпын деп, қырық жыл
Төсін тынбай ұрып жүр.
Арсыз ақын
Кітабының көбейткенмен көлемін,
Ешкім жатқа білмейді бір өлеңін.
Сөйте тұра атышулы Абайды
Өзінен тым төмен ақын санайды.
Өресіз өлең
Қаланғандай үй тасы,
Жып-жылмағай ұйқасы.
Жоқ, бірақ та, құйқасы,
Жанға дауа, шипасы.
Қайта құру
Оңай өнер санағанмен өлеңді,
Талай жылы босқа өтті, көнерді.
Прозаик боламын деп ол енді,
Романды бастап кетті көлемді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter