Өлеңдер ✍️
«Таластың» тағдыры
Қаздары қаңқылдаған,
Шағаласы шаңқылдаған,
Балығы тайдай тулап жататын,
Малы мыңғырып шулап жататын,
Үшарал берекелі жер еді,
«Талас» совхозы мерекелі ел еді.
Қаладан жүз-ақ шақырымдағы
Бұл мекен мәдениеттен мақұрым қалды.
Жүйелі жоба алынбады,
Жөнді бір үй салынбады.
Көше дегенің атымен болмады,
Жол дегенің затымен оңбады.
Жүру солай қиындады,
Совхозға тас жол да бұйырмады.
Шалдығып, шаңға шашалып келіп,
Ауылдың тұсына тақалып келіп,
Машиналардың тығылып жатқаны,
Жолаушылардың жығылып жатқаны.
Мұндай жерге қайдан барасың,
Басшыларына қайран қаласың:
Қоғалы көлдер сорға айналды,
Ауыз су да болмай қалды.
Сусыраған ел босып кетті,
Көпшілігі көшіп кетті.
Қалғандары сай-саланы сағалап кетті,
Өзек-өзекті паналап кетті.
«Талас» осылай тозып кетті,
Өзге басшылар озып кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter