Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.04.2022
114
Ғабдоллаға
Аттанып Ақжайықтан жеделдетіп,
Жетіп ек «Өлеңтіге» өлеңдетіп.
Совхоздың директоры Ғабдоллаекең
Жіберді көңлімізді төмендетіп:
«Қойлардың күйі кетіп бүрсектеген,
Еңбектен техника тұр шеттеген.
Оңдыртып астықты да алмадық», – деп,
Ауызын сүртіп отыр қу шөппенен.
Ғабдолла сонша кеге қалтырады?
Қалтырап, сонда кімнен артылады?
Тек қана бұл ісімен ұсақтанып,
Артына жаман атын қалдырады.
Бұл дәурен екі айналып сірә келмес,
Ғабдолла директор боп тұра бермес.
Пейлінің таршылығын бір байқатса,
Ат басын ағайын да бұра бермес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter