Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

Ерекеңнің ерлігі

Серванттар, сақтаныңдар,
Ерекең келе жатыр.
Барыңды ақтарыңдар,
Тексеріп көреді ақыр.
Коньягің, арағың да
Кетеді жұмырында.
Сыра ма, шарабың ба,
Бас тартпас ғұмырында.
Ерекең қағып алса,
Кетеді шешен болып.
Салатын лаңы қанша,
Кетеді есерленіп.
Әр затты ырғап көріп,
Бұлғаңдап, бұлқынады.
Шетінен қырмақ болып,
Әркімге ұмтылады.
Сервантты көзі шалса,
Ерекше қызып кетер.
Бұрыннан өші барша,
Бұқаша сүзіп кетер.
* * *
Әй дейтін әже жоқ,
Жүр Ерекең қожа боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу