Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

Жалақы мен жолақы

Баяғыдай «ойхой»-лап,
Қыз ұзатып, той тойлап,
Ауыл аралап, дала кезіп,
Қаладан қала кезіп,
Қыдыратын заман жоқ,
Шалқақтайтын шамаң жоқ:
Алатұғын жалақың
Жолыңа жетпейді баратын.
Барсаң да, зорға барасың,
Қайтарда жолда қаласың.
Тыныс тіптен тарылды,
Әрең алып наныңды,
Асырасаң болды жарыңды,
Жұбатсаң болды қарынды.
Бір баланы бағуың да,
Оған тамақ табуың да
Қиынның қиыны боп тұр,
Ең қымбаты киімі боп тұр.
Қарызға батып белшеден,
Тырысқаныңмен, о, тоба-ай,
Ауылдағы әкең өлсе де,
Жете алмайсың оп-оңай.
Өйткені, мизер жалақың,
Жүз есе қымбат жолақы.
* * *
Болғандар бұрын қаңғыбас,
Қыдырып енді мандымас.
Кеткенше заман оңалып,
Отырған жақсы омалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу