Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.04.2022
169
Дәретхана
Аңдап қарашы,
Қай қазақтың баласы
Дәретхана іздеп сенделген?
Жетіп жатыр даласы.
Осындай түсінікпен
Қалаға барғаным-ай.
Дәреттен қысылып мен,
Ұятқа қалғаным-ай.
Ары-бері жүгіріп,
Әр қораға үңіліп,
Өлдім-талдым дегенде,
Жеттім-ау біріне сүрініп.
Ақталды-ау деп еңбегім,
Сол еді кіре бергенім,
Қарсы алдымнан көлденең
Тұра қалғаны бір жеңгенің,
Естідім былай дегенін:
«Қырық теңге бересің,
Сонда ғана енесің.
Көрініп тұр, бауырым,
Мәдениетті емесің».
Алғаш сасып қалдым,
Ауызымды ашып қалдым.
Амал жоқ, беріп тиынды,
Ішке кіріп кеттім.
«Сонда, бұл кімге тиімді?» –
Деп ойлана жүріп кеттім.
Қалтада жоқ тиыны
Балаға оңай тие ме?
Сол емес пе қиыны –
Далаға жолай сие ме?
* * *
Әдетте,
Отыру үшін дәретке,
Тиын төлеу әдеп пе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter