Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
04.04.2022
173

Комбайншы
Тың далада көсілген
Астық деген береке –
Қалықтайды төсінде
Комбайным кемедей.
Бағалаған алтынға
Біздің халық бидайды.
Комбайным қалпында
Ысырапсыз жинайды.
Астық деген береке –
Аппақ-аппақ нан болған.
Сабантой – шын мереке,
Көңіл шалқып, Ән болған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter