Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  147


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДӨҢ ДЕ ЖАҢА, БЕЛ ДЕ ЖАҢА, САЙ ЖАҢА..

Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа,
желкеміз – шаң, маңдайымыз – жел ескен.
Жасылдана жатыр дала айнала,
Кеше, дала, құла дала емес пе ең?!
Елең қағып айналаны тыңдаймын,
ойға құлап, қыраттарға асылып.
Мотор, мотор гуілдейді, тынбайды үн,
Төрт дөңгелек – төртеуі де асығып.
Омырауымның бар түймесін ағыттым,
ой-хой шіркін, алдан ескен самал-ай!
Екіндіге барып қапты ағып күн
қызыл сәуле жамылды алап жағалай.
...Күн де батты ақырғы рет төгіп нұр,
Мен аңсадым дамыл алар төрімді.
Ошақ басын түтін жайлап көгілдір,
«түгеншекең» ауылы да көрінді...
1960, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу