Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  99


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ЖАЙДАҚ ҚЫРДАН ТҮҢІЛСЕҢ — ГҮЛ ӨСЕДІ БІР КҮНІ…

Жайдақ қырдан түңілсең — гүл өседі бір күні,
қайраттыдан түңілсең— күреседі бір күні.
Мына заман артқанда бойға — бейнет, ойға — сын,
күш-қайратты түңіл деп беріп пе екен, ойлашы.
Көп түңілсең момыннан — ашу шығар бір күні,
көп түңілсең тұнықтан — тасу шығар бір күні.
Мына заман артқанда бойға шыдам, ойға сын —
күш-қайратты түңіл деп берген жоқ қой, ойлашы.
Үміт етем тастардан асыл шығып қалар деп,
үміт етем қастардан: досым шығып қалар деп.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу