Өлеңдер ✍️

  03.04.2022
  164


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

БҮЛКІЛДЕП КӨМЕЙІМЕ КЕЛІП-ҚАЙТЫП…

Бүлкілдеп көмейіме келіп-қайтып,
шындығым бір детальмен толықпай тұр.
Дүниеге сен келгелі
көңілімде
бір қауып бар секілді сен ұқпайтын.
Сырыма лай қонып мөлдір деген,
күледі кей сөздерім көлгірлене.
Дүниеге сен келгелі
көңілімді
бір нәрсе қорқытады мен білмеген.
Шаттықтан
сен келгелі татып бір-ақ,
төсектен бал-қиялға батып тұрам.
Сескенем сен келгелі сәл нәрседен,
үйткені болып кеттім бақыттырақ.
1969, 1982




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу