Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.04.2022
177
Балғын бөбек
Балғын бөбек
Жырға бөлеп,
Жүректерді тербейді.
Уілдейді,
Күлімдейді,
Кеудесін күй кернейді.
Талпынады,
Шар құрады,
Шат өмірлі балақан.
Нұрын төгіп,
Жылу беріп,
Аялайды алақан.
Балғын бөбек –
Жайған желек
Ол-дағы бір таң гүлі.
Бала – бақыт,
Бала – шабыт,
Бейбіт күннің ән-жыры.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter