Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.04.2022
115
САҒАН АРНАП ӨРІЛГЕН СОЛ ҚАМШЫНЫ…
Саған арнап өрілген сол қамшыны
бермей кетті ат мінген бір ер шіркін.
Саған деген Сақа бар-ды,
дәл шыным:
баласы алып жойып кетті көршімнің.
Жоғалды көп ықыласы құрбының,
оны өзімнің аңқаулығым жоғалтты.
Жоғалды енді саған жазбақ бір жырым,
оны өзімнің жалқаулығым жоғалтты.
Саған... саған деген ыстық сезімді
Ақыл! Ақыл! деген бір шал тоқтатты.
Саған... саған айтам деген сөзімді
Сабыр! Сабыр! деген бір шал тоқтатты...
1969
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter