Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.04.2022
228

КӨҢІЛДІ ҰШҚЫН ЕНСІН ДЕП ІШКЕ ДЕ ЕРЕК…
Көңілді ұшқын енсін деп ішке де ерек,
шарап құйдық бокалға үстемелеп.
Қызып тұрып қызулы қойдық бір ат,
қомсынбадық біз сені кішкене деп.
Көп есімнің ішінен ұстап алып,
бердік саған есімін күшті ағаның:
көк семсердің болатын қидық саған,
қидық саған ақ жүзін ұстараның.
Семсер-сынды ерке бол – болады рұқсат,
көнбіс болма кебісше, жаялықша.
Ердің есімін бердік, байқа, бала,
елдің ұлы болсын деп соған ұқсап...
1969
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇