Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  170


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҚАЙДА КЕТТІҢ, ҚАЙДАН ІЗДЕП ТАБАЙЫН…

Қайда кеттің, қайдан іздеп табайын,
қайда кеттің, алыс қиял,
пәк үміт.
Жан түрлі ғой: кейде отырам ағайын,
алданудың өзін-дағы сағынып.
Алданыштар, қайда кеттің, қайда ығып,
ақша бұлттар көтерілші, көтеріл.
Көп досыма кездесуден қаймығып,
мен де сенше алыс тартып кетемін.
Ақ бұлттарды сағынбай ма оңды адам,
бас изейді анау аппақ сыңар шың.
...Өкпелейсің, өкпелейсің сен маған,
өкпелесең сенетұғын шығарсың?!
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу