Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.04.2022
700
Рамазан
Келді міне,нұрын шашып Рамазан,
Сағындырдың,күтті сені бар адам.
Сабырлықпен,жылу беріп баршаға,
Қабыл алшы,Оразамды,Жаратқан!
Бұл өмір,біз қонақпыз,бақ іздеген,
Пайғамбар өсиеті парыз деген.
Алланың міндеттеген бір борышы,
Ораза,сауабы оның жүз жылға тең.
Пенде бол,Раббысына бас иетін,
Шын сұра,қабыл болар бар ниетің.
Адам бол,жамандықтан ада болшы,
Рамазан, мүмкіндігің ой түйетін.
©Заманбек Тілекқабыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter