Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  191


Автор: Абдрахман Асылбек

Қысыр сиырлар

Бастық кәрін төгіп тұр,
Сиыршыны сөгіп тұр:
– Қарамайсың Сиырға,
Қысыры көп биыл да.
Бұқаларың жайға жүр,
Ұят деген қайда бұл?
Сиыршы айтты:
– Наныңыз,
Қырсық сиыр малыңыз.
Тойса болды теңкиіп,
Шыға келер кеңкиіп.
Туар болса бұзауды,
Кескінін ол бұзады.
Көре қалса Бұқаны,
Сондықтан да зытады.
Кейбір сиыр шамалы
Содан қысыр қалады.
Бастық қатал бұйырды:
– Айдап бар да Сиырды,
Бұқаларға қосақта,
Өз еркіне босатпа!
Сиыршы оған:
– Құп! – деді,
Бірақ, түк те бітпеді.
Кетті қысыр көбейіп,
Енді бұған не дейік?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу