Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.04.2022
212
Ер пен арақ
Бір күні Ет мақтанды,
Барлық сырын ақтарды:
– Буым бұрқырып,
Суым сырқырап,
Жатсам қайнап,
Жүздері жайнап,
Қуанады қонақтар,
Пышағын қайрап.
Майлы сорпам бар,
Жайлы ортам бар.
Елдің асыл асымын,
Бар тағамның басымын...
Төсектің астында Арақ тұр еді,
Манадан Етке қарап тұр еді.
Түртіп қалып иығынан,
Күліп қойды миығынан:
– Рас, сыйсыз да емессің,
Онша күйсіз де емессің.
Бірақ, мені біліп ал,
Арақ деген ірі бар.
Анығырақ айтқанда,
Дастарқанның пірі бар.
Менсіз үйдің қонағы
Тым көңілсіз болады.
Еліре берме, Етім,
Май жүзсе де бетің,
Сені жемейді ді,
Ет асты екен демейді де.
Ал, мен болсам – басқаша,
Аспасын Ет аспаса,
Жадырайды қабақтар,
Жүз граммнан тастаса.
* * *
Арақ солай есірді,
Дастарқанда көсілді.
Кімдікі жөн, ағайын,
Өзің айтшы шешімді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter