31.03.2022
  514


Алты алашты алаңдатқан індет

2019 жыл. Жаңа жыл мерекесі аяқталды. 2019 жылдың басынан жаңалықтарда , Қытай Республикасында "Тәж вирусы " шыққаны тұралы деректер айтыла бастады. Вирус- ауадан, киім-кешек, ішіп отырған асымыздан таралмайды.Ол ,тек тұмау ауруы сияқты жұғады.Оның ерекше асқынулары вирустың пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға ,тіпті, өлімге алып келуі мүмкін. Қытайда болып жатқан өзгерістер бізге мәлім. Әлеуметтік желілерде "Қазақстанда бұл індет таралмайды, қымыз ішіп, ет жеген халықпыз!"-  деген бейнежазбалар тарап кетті.Бірақ, наурыз айынан бастап, тек Қытай Республикасында емес басқа мемлекеттерге тарай бастады. Қ.Р Президентінің қаулысы бойынша, мектеп, бала-бақша, туризм компаниялары, жалпы айтқанда халық көп шоғырланатын жерлер карантинге уақытша жабылды.Мен және менің сыныптастарым карантин талаптарын естігенде қатты қуандық, біз ол кезде 9-сынып оқитын едік. Біздің бар ойлағанымыз демалыс, түске дейін ұйықтау, сабаққа бармау еді.4-тоқсанда қайтып келеміз деп ойладық. Бірақ,өмірде бәрі біз ойлағандай болмайды екен. Күнделікті жаңалықтардан қанша адам вирус жұқтырғаның айтып отыратын ,ең өкініштісі күн сайын ауруға шалдыққандар саны арта түсті.Тоқсан жақындағанда, Білім және Ғылым министрлігі мектеп дәстүрлі форматтан,онлайнға көшіруін мәлімдеді.Цифрлы оқыту жүйесі ел тарихында алғаш рет қолданылды. Басында бәрімізге қызық болатын, видеоқоңыраумен сөйлесетіңбіз,дәл осы қарқынмен 9-сыныпта аяқталды. Көптеген іс-шаралар, мейрамдар карантинге байланысты өтілмеді. Той жасауға қатаң тиым салынды,бұл қазақ халқы үшін күтпеген жағдай болды. "Қазақтың тойы бітпесін "- деп жүрген асабалар, әншілер жұмыссыз қалды. Осы карантиннің салдарынан адамдар смартфонға тәуелді бола бастады. Яғни, смартфон адамзаттың 13-мүшесіне айналды. Дәл осылай 10-сыныптыда онлайн түрде өткіздік. Мектептегі естеліктерді де, мұғалімдерді де, барлығын қатты сағындық. Тысқа шығудан алдын бетперде, антисептикті міндетті түрде алып жүргендіктен, бұл заттар біздің ажырамас серігімізге айналды. Бұл өмірлік дағдыға айналып кетті. Коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылдың 1 ақпаныңда басталды. Соған байланысты карантиндік іс-шаралар жеңілдетілді. Ең бастысы тәртіп,заңға бағыну. Б.Момышұлы айтқандай "Тәртіпке бағынған ел құл болмайды ". Болашақта локдаундар, бетперде, антисептиксіз өмір сүру өз қолымызда. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу