Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.03.2022
123
Тарақандар
Түн ішінде қараңғы
Тарақандар жосылып,
Бастары бір қосылып,
Жамандады адамды:
«Көрмедік бұл өмірде
Одан өткен наданды.
Ашық-шашық көбінде
Қалдырады тағамды.
Тінткілеп бар ас үйді,
Ас үй емес – лас үйді
Әй, еркін бір шайқайық...
Адам көрсек, аңқау деп,
Салақ, әрі жалқау деп,
Беттеріне айтайық!» –
Деп тұрғанда әлгі лек,
Үй иесі қалды кеп.
Шам жағылып, жарқ етті,
Даңғойлардан әл кетті.
Тарақандар табанда
Тым-тырақай жүгірді.
Қарай алмай адамға,
Қуыстарға тығылды.
* * *
Тап осындай пасықтар
Ту сыртынан күңкілдіер.
Шындықты айтып ашық дәл,
Шыға аламайды-ау шіркіндер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter