Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.03.2022
451
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Кереғар құрбылар
Күнге күйіп қақтала,
Қой бағып жүр Ақбала.
Мода қуып сәнді бір,
Қалада жүр Сәндігүл.
Ақбаланың ойында –
Сан артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Сән артса екен бойында.
Ақбаланың ойында –
Қоң артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Қой сойылса тойында.
Ақбаланың ойында –
Жүн артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Шәлі ораса мойынға.
Ақбала ақтап үмітті,
Тапсырады түбітті.
Сәндігүл сол түбітті
Кім бергенін ұмытты.
Кофта киіп түбіттен,
Қыдырады жігітпен.
Міне, осылай құрбылар,
Кереғар боп жүр бұлар.
Бірі күн-түн мал баққан,
Бірі сылқым сән баққан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇