Өлеңдер ✍️

  28.03.2022
  317


Автор: Абдрахман Асылбек

Арқа аруы мен ағасының әзілі

– Айналайын қалқам-ай,
Жүдеңкіреп қалыпсың.
Жаннат жерде Арқадай
Жағдай жоқ па анық шын?
– Ағатай-ау, қалада
Бойды күшен қыз едім.
Келдім-дағы далаға,
Еңбекке бет түзедім.
– Еңбекке жең түрінген
Қыз қылығың көп бөтен.
Жолыңды орап жүгірген
Жігіттері жоқ па екен?
– Болса болар, бірақта,
Білектісін көрмедім.
Орағымды құрақта
Оңды-солды сермедім.
– Хатшы отырып кеңседе,
Бұйрық берсе болмас па?
Бар ісіңді еңсере,
Жігіт шөпті ормас па?
– Жүретұғын жетексіз,
Жігіт қайдан табылсын.
Ебін білмей есепсіз,
Шөп те қайдан шабылсын.
– Ұқтым, қалқам, халіңді,
Аямайсың жаныңды,
Аямайсың арынды
Жігіттерді жалынды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу