Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.03.2022
150
Сүйінші
Тұра шапты Далабай
Малда жүрген Мақпалға:
– Сүйінші де сүйінші!
Бұдан артық бақ бар ма?
– Аяғанды ит жесін,
Әйелің үл тапқанда.
Ризамысың, бауырым,
Барқыт шапан жапқанға?
– Азынаған ат барда,
Сыйлағаның мақтаң ба?
Мен оныңды кимеймін,
Отқа таста ап бар да...
Мақпал қатты қысылды,
Жалғыз атын ұсынды.
Сүйіншілеп тағы да,
Ат терлетіп сабыла,
Келе сала Тіленді,
Құшақтады кілемді.
Деген кісі нағашым
Жетектеді танасын.
Қүдасы кеп кешкісін,
Сойды сауын ешкісін.
Осылайша алыстан
Түгел келді таныстан.
Бірі сұрап төсегін,
Бірі ілді көсеуін.
Бірі киіп етігін,
Бірі буды белдігін,
Әркім әр зат қалады,
Шынын айтсақ, талады.
Мұндай болса сүйінші,
Сүйіншіге күйінші.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter