Өлеңдер ✍️
Жұмыссыздық
Жұмыссыздық қайдан шығады?
Жұмыссыздық жайдан шығады.
Бұдан жарты ғасыр бұрын,
Жүре қалсаң жырын,
Жұмыссыз неге жүрсің деп,
Тексеретін кімсің деп.
Ол кезде жұмыссыз жан болмайтын,
Жұмыссыз жүрсе, сорлайтын:
Себебі болмаса анық бір,
Төлейтін айыппұл.
Өйткені, ол кезде
Болмайтын жол кезбе.
Фабрика, зауыттар –
Өндіріс орындары алыптар
Мемлекеттік қалыпта
Жұмыс істеп жататын.
Мыңдаған адамдарды,
Керемет мамандарды
Жұмысқа тартатын,
Міндеттеме артатын.
Ал, бүгінде
Түсінбейсің түгін де.
Өндіріс те, өнім де
Нарықтық шегінде
Жекешеленіп кеткен,
Жеке адамның иелігіне өткен.
Үкіметте билік жоқ,
Биліксіз бұйрық жоқ.
Бәрін кәсіпкерлер билеп алған,
Билікті қалауынша илеп алған.
Жұмысшыларды өздері таңдайды,
Жақыны еместерді алмайды.
Алған күнде, керегінше алдайды.
Олар ешкімге шағына алмайды.
Кәсіпкерлер ешнәрсе өндірмейді,
Елге пайда келтірмейді.
Қажетті бұйым шығармайды,
Ең аржағы тіс шұқитын
Шырпының шиін де шығармайды.
Тек алыпсатарға айналған,
Өз ауыздары ғана майланған.
Жұмысқа керегін бөліп алады,
Туыстарын теріп алады.
Олар өсіп кетеді,
Қалғандары босып кетеді.
Сонымен, жастар қайда барады?
Керексіз жайда қалады.
Өң бітіргендер дипломды
Кілең шикіл өңді.
Дипломды сатып алса,
Парамен атып алса,
Қайда барып оңады?
Қайда барып қонады?
Жарамсыз боп қалады.
Еш жерде жоқ тұрағы
Жұмыссыздық содан шығады.
Жұмыс тауып бере алмасақ сыналап,
Қайтеміз жастарды босқа кіналап?
Бастап кетер мол бір істі,
Өркендету керек өндірісті.
Өндіріссіз мән болмайды,
Өндіріссіз ән болмайды.
Өндіріс өркендесе,
Жұмыссыз жан болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter