Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.03.2022
446
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-03-14-21-09-02.png)
Қоғалы көл-ай....
Қоғалы көл-ай,
Қаңқылдап қазы ұшатын,
Көгалды бел-ай –
кеудеме қонған құс-ақын,
көктемгі жел-ай,
жанымды желпіп елітер,
күн бар ма сені
айыз бір қана құшатын?!
Ие бола алмай еркіме,
көміліп сезім өртіне,
жетсем бір деймін
саздаудың құба талына
шипа болатын дертіме...
Сыбызғы түн-ай,
сыбырлап келіп қонатын,
сырнайлы мұң-ай,
аспаннан өлең жонатын,
қарағай, қайың,
қара орман әнтек күбірлеп,
қара шың-мерген
қарайып көкті шолатын,
қауызын жаңа жарған Ай,
түрленіп түнде бар маңай...
Ұшсам бір деймін,
Кетпеннің құба жонына
жетсем бір деймін, арман-ай,
қыссам бір деймін,
жалау қып ұстап арымды,
қоғалы көлді, көгалды белді
құшсам бір деймін, жалған-ай,
құшқандай тұңғыш жарымды...
тамыз, 1992 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter