Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.03.2022
172
Күн өткен....
Күн өткен сайын күдік үдейді,
күндер көміліп мұнарға.
Дауыл... Теңіздей... Өмір үрейлі,
жағаға қайық шығар ма?..
Тірлік – көк қайрақ, жанып сезімді,
бойда бұлқынып бұла қан,
көзсіз дүние байлар көзіңді,
толқындай тулап құлаған.
Жаннан беймаза кетті күпірлік,
тынымсыз көздің қара-ағы,
қоңыр тірлігін етер шүкірлік
шалдар азайып барады.
Қайда бұрылма?!. Сауда-тіршілік...
Өмір – ханбазар, «қызған іс».
Көріп бәрін де отыр түршігіп,
ойым мертігіп, мұздап іш.
Арты – көк дауыл, жолдың алды – шың.
Дүние-түлкі – бұғалық.
Сезім қайдасың? Сенім бармысың?
Бар болсаң, қане, шық алып.
Жияр ма есін бұ халық?!.
тамыз, 1992 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter