Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.03.2022
150

Көкке де...
Көкке де шығармыз,
жерге де қонармыз,
бәрiн де ұғармыз,
далаға қонар күз,
қазанда тоңармыз…
Көк-жасыл көлбеңдеп,
басылар гүл, бағың,
қол созып көлден көк,
кеудеңнен тыңдап үн,
шақырмас мұңды ағын.
Жаныңды тербемес,
дала, саз, кешкi мұң…
Жеткiзбей өр, белес,
алыстар көшкiн-үн
жазғырма, кеш, күнiм!..
Даланы қар басар,
аязы кешке ұлып,
дүние арбасар,
ертең де жалғасар
дауысы естiлiп…
Тау, Дала кешке ұлып…
наурыз, 1989 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇