Өлеңдер ✍️

  26.03.2022
  136


Автор: Нұрлан Оразалин

ҚОС ЫРҒАҚ

 Жүрегiм мұң кешедi,
жырменен күн кешедi,
дүние қызыл-жасыл,
кеудемнен түн көшедi;
басқа бiр
Замандармен тiлдеседi…
Жүрегiм күй кешедi,
сыйғызбай үйге сенi,
шулатып аспан астын,
жаңғыртар би көшенi…
Басқа бiр
Ғаламдармен үйлеседi.
Жүрегiм ән құшады,
сызылып таң құшағы,
сұлулық сымбатымен
суырып жанды ұшады;
басқа бiр
Дәуiрлермен алға ұшады…
Жүрегiм мәңгi ұшады!
наурыз, 1989 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу