Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  151


Автор: Абдрахман Асылбек

Өтірік өлең

Айтпайын көңіл сенбес қиыспасты,
Үмітім арманыммен жиі ұштасты.
Мазасыз тіршілікті иеленіп,
Қуанам болғаныма жұмыс басты.
(М.ӘКІМХАНОВ. Шалқия. 18-бет)
Айтпаймын өлтірсен де өтірікті,
Асау бір ауыздықтан кекілікті,
Дегенде жеті сағат жетіп барып,
Жеті ақын Ай үстінде отырыпты.
Атпаймын өлтірсең де өтірікті,
Жеті ақын Айда бірден жетіліпті.
Тегін, мол ұйқас тауып,
Теңдеп алып,
Жалма-жан жерге қарай секіріпті.
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Жеті ақын жерге жетіп лепірінті...
Түс көріп жатыр екен,
Жұбайлары:
«Түс болды,
Тұрыңдар!» – деп жекіріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу