Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
145
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Кешегі әйел емен
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
От шығарам тарихтың күлін қазып.
Ұрпақтардан ұрпаққа көшіремін,
Өлмейтұғын өмірдің жырын жазып.
(Қ. БҰҒЫБАЕВА. Менің даусым. 5-бет)
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Қайтемін ескі өмірдін жырын жазып.
Аяқты айқастыра барда отырып,
Бұл күнде етіп жүрмін шылымды азық.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Айтайын, ағайындар, сырымды ашық:
Сабама сыймай кеткен кездерімде,
Байымды сабап алам шырылдатып.
Кешегі әйел емен үнім нәзік,
Бұрқанған бурадаймын жынын шашып.
Шабытым шарықтаған шақтарымда,
Өлеңнен от шығарам күлін қазып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇