Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  271


Автор: Абдрахман Асылбек

Рахмет

Дәніңді сепкендерің,
Егінді еккендерің үшін,
Теріңді төккендерің үшін,
Көкорай көктемдерің,
Көк жасыл көк белдерің үшін,
Жаз болып өткендерің үшін,
Бейнетті кетпендерің,
Зейнетті шеккендерің үшін,
Мақсатқа жеткендерің үшін, Рахмет!
Даланың ардагерлері, Рахмет!
(Ш. САРИЕВ. Өң мен түс. 6-бет)
Әнімді тыңдағандарын,
Сезімді сыйлағандарың үшін,
Өзіңді қинағандарың үшін,
Ешнәрсе ұқпағандарың үшін,
Көңілді жықпағандарың үшін,
Болаттай төзімдерің үшін,
Қанатты сезімдерің үшін,
Даладай пейілдерің,
Анадай мейірлерің үшін,
Ашық аспандарың үшін,
Жырымды басқандарың үшін,
Рахмет,
Баспа қызметкерлері, Рахмет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу