Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
116
Қауіп
Қарттығыма қалғандаймын бір қыр-ақ,
Соны сезіп, жаным кетті-ау шырқырап.
Жылдарымның парақтарын жоғалтып,
Жинай алмай отырмын мен жыртып ап.
(Ә. АҚПАНБЕТОВ. Нұр жауған күн. 2-бет)
Жастық деген көңілдегі күншуақ,
Жылт еткен бір жолдарыңды түртіп ап,
Жазып-жазып тастайтынбыз табанда,
Жыр осылай туындайтын бұрқырап.
Қарттығыма қалғаны ма бір қыр-ақ?
Жаза-жаза қолым талды сырқырап.
Жүрегім де дембіл-дембіл жұлқылап,
Шыбын жаным қоя берді шырқырап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter