Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
122
Шөпшекті өлең
Аяп та сені аурумын қоса көптен мен,
Амалым қайсы азап та бірге шеккенмен.
Жазар ем сені, дәрі қайнатуға болмайды-ау,
Өлеңдерімнің ішіндегі ғажап шептерден.
(Ж. ЖАҚЫПБАЕВ. Шұғынық көл. 62-бет)
Жастайымнан қиындықты көп көргем,
Көп күнімді қапалықпен өткергем.
Қара суық өтіп кейде өкпемнен,
Таңнан тұрып, масақ тергем, шөп тергем.
Келе-келе өлең қуып кеткем мен,
Ұзақ жолда талай терді төккем мен.
Қайта-қайта аяғыма оралып,
Көп сүріне берген едім шөптерден.
Ауырасың,
Сезем оны көптен мен,
Амалым не, бірге азап шеккенмен.
Әттең, әттең, дәрі жасай алмаймын
Өлеңімнің ішіндегі шөптерден...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter