Өлеңдер ✍️
Ақыл айту
Сараң сөйле,
Сағыздай созба, жаным,
Опа бермес –
Іздеме сөз базарын.
Мимырт шақтың күні өткен мылжың тыңдар,
Сәулең болса, осыны сөз, қарағым.
Қолдан келмес шаруаны қозғамағын,
Дәл бір құрып қалғандай өзге амалың.
Өлең-қыздың соңынан өңмендеме,
Өзі аударсын ол саған көз назарын.
(Ғ. ЖАНДЫБАЕВ. Көкорай. 7-бет)
Қылшылдаған қырықта бозбаламын,
Қызғалдақтай қыздарға көз қададым.
Арулардың назарын аудармақ боп,
Араладым асықпай сөз базарын.
Таба алмадым татымды сөзді ажарлы,
«Ақыл айтты ақсақал, созбады әрі:
Бала екенсің таудай бір талабы бар,
Уақыттан жөн болар озбағаның.
Сөз өнері дертпен тең,
Сез, қарағым,
Сылдыр сөзді сағыздай созба, жаным.
Мезі қылар мылжыңды кім тыңдайды,
Қыз жүрегін қалайда қозға, жаным.
Дәл бір құрып қалмаса өзге амалың,
Қолдан келмес тірлікті қозғамағын
Өлең де бір қылықты қыз секілді,
Сезім керек бастысы, Сез, қарағым».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter