Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
126
Жолы болғыш жайран
Киік айтты Жайранға:
– Көп шығасың сайранға.
Жолың тіпті болғыш-ақ,
Қалтаң сыйға толғыш-ақ.
Жаны қалмай қарсы алып,
Тұрады аңдар тамсанып,
Мұның қандай сыры бар?
Деді Жайран:
– Біліп ал, Айналайын Киігім,
Сыры мәлім сыйының:
Жоғарыдан қайратты,
Арыстаннан айбатты
Бір қоңырау болмаса,
Жолық оңбас онда аса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter