Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
165
МӘҢГІЛІК ЖОЛДАС
Ана тілім!
Мәңгі менің жолдасым?
Ал ақының кәрісше өлең толғасын.
Жаңылыссам бұйырмашы айыпқа,
Ақталмаймын – есіркеп тек байыпта.
Самурайға сатқан жоқпын өзіңді,
Сұмды мақтап қор қылмадым сөзімді.
Солтүстікте жатқан жайсаң көршіме
Келдім сында, алып сені еншіме.
Сансыз тілдің сабақтасқан жерінен,
Танып сені, өмір сүрем сенімен...
Мүсіркеудің қажеті жоқ ақынды ал,
Ақталайын десем оған хақым бар,
Мақтан етер азаматтық атым бар!
Кенеусіз деп жатық емес тармақты,
Кім өзінше кесім айтқан салмақты?..
Ана тілім!
Мәңгі менің жолдасым!
Артық айтсам, кешір, күнә болмасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter