Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  235


Автор: Тортай Сәдуақас

САМҒА, САМҒА ҒАРЫШҚА!

Монғол ғарышкеріне арналды
Самға, самға!
Сенің биік ұшқаның,
Шарықтатты шаттығымның құстарын.
 Сені өмірге қайта әкелген дәуірің,
Сәттерің бұл ең бақытты, ең жарқын.
Кас-қағымда Космонавтар – бауырың,
Жұлдыздарға алып ұшқан ел даңқын.
Самға, самға!
Ғарышқа, ұлым, өрле сен.
Бар ғаламға жар сап, орал жерге есен!
Монғол бабаң ауыздықтап пырақты,
Сұңқар ғана самғар депті аспанда.
Бас айналған биік пенен жырақты,
Балапты олар асу бермес асқарға.
Отаның мен халқың саған, ізгі ұлым,
Сеніп берген қолыңда алтын тізгінің.
Өжет өссін, ер болсын деп ұрпағы,
Ата-анаң да баулап баққан ұяңда.
Бауыр басып, даңқты елдің сұңқары,
Қанат қақтың қиял жетпес қиянға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу