Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
146
ҚЫРАН
Қыранға да табылады-ау қас адам,
Жіберді атып өкпе тұстан, тасадан.
Қыран ұшты,
Тарс жаңғырып тас кілең,
Қарабет боп қала берді қаскүнем.
Көк серісі бұлтты жарып семсері,
Самғады еркін
Ақ аспанның астымен.
Бытырасы болды ма, әлде ұсақ тым,
Қыранға емес, –
қауқары бар ұзақтың.
Мүлт кетті ме, әлде қолы қалтырап,
Атқыштың сол аңдып жүрген ұзақ күн.
Жоқ, бытыра ұшқан да жоқ ұшқары,
Жүрегінен құсалы еді құс-тағы;
Құлады ол,
Құзар шыңға жырақта,
Көрмес үшін,
Күлмес үшін дұшпаны.
1956
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter