Өлеңдер ✍️
МЕНІҢ ҮЙІМ
Салтанатты қызғылт түс бар түрінде,
Терезесі нұр шашатын іңірде;
Қорғанысқа кеткен қыста тіленіп,
Көп жыл тұрған үйіме кеп тіреліп,
Жақтауынан терезенің қараймын,
Еске түсіп соғыс болған талай күн?..
Шырақ өшкен,
Түнек басқан арайды,
Қарауытты, қарайды әлем, қарайды;
Үй иесі қақпай кетті есікті,
Үйге келер жолды ұмытты, кешікті;
Жүр екен ол кезіп қайсы қиырды,
Қайсы жақтың топырағы оған бұйырды?
Кім тұрады, көрінбейді ол неге,
Біз екеуміз өмір сүрген бөлмеде.
Қабырғада жапсырма тұр көгілдір,
Сол баяғы ілген таңдап көңіл бұл...
Жоғалтпапты үйдің сол бір ескісін,
Кім қағады ал, сол есікті кешкісін.
Терезеден мейрам лебі тарайды,
Еске салып өшіп қалған арайды.
Жүріп жатқан тәрізді онда тәтті өмір,
Тұрып жатқан шығар жандар ақ көңіл.
Бөбектер бар екен мұнда – ән, арман,
Жас ұлан бар сүю үшін жаралған.
Қуанышпен сырғып айлар, апталар.
Енді мұнда жетеді тек шат хабар.
Енді мұнда тек қана адал достары,
Мерекеде келеді бас қосқалы.
Тілеймін мен: жұтқан тағдыр сор – уын,
Сол жандардың шын бақытты болуын.
Бақытты боп, менің қолым жетпеген,
Шаттығымды алсын соғыс шектеген.
Басыма егер оқыстан бір туып күн,
Қалар болсам өтінде ызғар, суықтың;
Шадыман күй қалғандай тек есімде,
Қақ төбемнен қар құйылса бесінде;
Сая іздеген сол бір қиын шақта сын,
Сол үйімнің қағам келіп қақпасын.
«Сағат қанша?»,– деп пе, әйтеуір, сол тұстан,
деп сұраймын жауынгердей шөл қысқан.
Жатырқамай, келгенімде үмітпен,
Қарсы алыңдар, қарамаңдар күдікпен;
Келсем мұнда, өз үйім деп келемін,
Бақытты да боламыз деп сенемін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter