Өлеңдер ✍️
КӨТЕРІЛІС
Тұрғыздық пирамидалар... Орнаттық талай қаланы;
Сендер ме бірақ қиналар, Сезініп қайғы-наланы?!
Құлдардың қажып, тарыққан, Қанымен келді дәулетің;
Құтылмай қойдық қамыттан, – Мәпелеп байдың әулетін.
Сендерде той да, мадақ та, Қызық жоқ сендер көрмеген.
Не керек, гүлзар, шарап та, Келді ғой біздің терменен.
Өндірдік алтын, қолаңды, Іздедік ақық тасты үгіп;
Шыңырауға түстік қараңғы, Қатерге талай бас тігіп.
Тап болдың енді дауылға, Мастанып мүлде кетіп ең.
Зобалаң келді залымға, Шағылып тауы шетінен.
Тұтандық өрт боп керемет, Ішінен дүлей түнектің...
Азабы көп қой, не керек, Торыққан торда жүректің.
Жетеді қорлық, сергелдең, Құртамыз құлдық бұғауын.
Құтылып қанды шеңгелден, Болады азат бұ қауым.
Ұмыту қайда! Ғасырды... Қайнаған ыза-сорың да;
...Бәрің де иіп басыңды, Тұрарсың темір торымда.
Басталды жылдар арайлы, Тартпаймыз енді ат басын.
Азаттық атты сарайдың, Аштық біз алтын қақпасын!
1917
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter