Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  153


Автор: Абдрахман Асылбек

Танылмаған талант

Екі өлең жазған жас ақын,
Болды деп газет басатын,
Ақшасын жұмсап ақырғы,
Достарын барға шақырды.
Ауыздар тыным таппады,
Талант деп нағыз мақтады.
Кірген соң ішке ішкілік,
Көрсетіп ерен күштілік:
Кім бар деп менен асатын,
Кеудесін қақты жас ақын.
Әңгіме қалып жарасты,
Болмашы сөзге таласты.
Асқына келіп ерегес.
Лап ете қалды төбелес.
Төбелескіштер, әрине,
Қамалды барып тар үйге...
Содан соң жыны басылып,
Таланттың сыры ашылып,
Көрінсе сол бір жас ақын,
Достары болды қашатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу