Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.03.2022
185
Пікір
Жаңа бастық келе сап,
Анкетамды көре сап,
Сылтау іздеп сыныққа,
Түсірді де құрыққа,
Болмаған соң туысқан,
Айдап шықты жұмыстан.
Содан қайда шаппадым,
Ешкімге де жақпадым.
Айтатыны бәрінің:
«Жарамайсың, жарығым.
Теріс ұқпай, түсін дәл
Сен туралы пікір бар.
Ішкілікті татпайды екенсің,
Бірақ, тыныш жатпайды екенсің.
Бетке айтам деп шындықты,
Бастайды екенсің сұмдықты...
Бізге –
Қой аузынан шөп алмайтын,
Шөп алса да, көп алмайтын,
Ақкөңіл, аңқылдақ,
Жарамсақ, жалпылдақ,
Айтқаныңа көнетін,
Өл десең, өлетін,
Ойы жүйрік, көңілі зерек,
Адамның момыны керек».
* * *
Кейбір басшы осылай
Теріс пікір таратып жүр.
Жарымес болса да шошымай,
Туыстарын іске жаратып жүр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter