Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұялшақ ойыншы

Шулы әлемде болып едім бірде мен,
Дәлдеп айтсам – трактирге кірген ем.
Жақсы нәрсе көрмегенмен түзікті,
Карта ойыны жүріп жатты қызықты.
Қолы жүріп басқадан,
Бір жас жігіт отырды.
Жеңілтектеу секілді,
Ойнағанда ұтылам деп саспаған.
Ол кенет
Сыпырылды дөңгелеп.
Қалды ұтылып, ешкім қарыз бермеді,
Ол батырдың айтқанына сенбеді.
Ашуланып шақта бұл,
Шешті-дағы тікті ойынға кафтанын.
Сағаттан соң камзолмен отырды ол дірілдей,
Даладағы түбірдей.
Сол жігітті сұраған
Келді іздеп бір адам.
Деді оған: «Әкең жатыр өлгелі,
Дұрыс барып көргенің
Тірісінде көзінің».
«Айта барғын, – деді кеше, – сен оған,
Карта аруы мені оңдырмай тонаған,
Келгені жөн өзінің,
Әкем келсе, айыпты емес сияқты;
Ал, мен үшін жолға шығу тұлыпсыз,
Көйлек, қалпақ, шұлықсыз,
Өте ұят-ты».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу