Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарақшы мен арбакеш

Жол шетінде бұта ішіне бұғынып,
Олжа күтіп, бір Қарақшы бекінді.
Көкжиекке көз тастайды үңіліп,
Іннен шыққан қарны аш Аю секілді;
Көрінді арба шамасында екінді.
«Оһо! – деді жол торушы, – жүгі мол,
Байқауымша, жәрмеңкелеп барады,
Қалғыма тек, жақсы сорпа болады,
Енді менен құтыла алмас бүгін ол».
Арбакешке: «Тоқтағын!» – деп ақырды,
Қолындағы сойылымен атылды.
Қарсыласы емес-тін тым тақымды,
Алайда, ол тыңдап жатпай ақылды,
Таяғымен қолдағы
Өз заттарын қорғады.
Арпалысты, алысты,
Қарақшы да қарысты.
Бұл жолғы ұрыс қиын соқты өзгеден:
Тісі қирап, шайнап алды тілін де.
Қолы сынып, қоштасты бір көзбенен;
Бірақ, жауыз жеңіп шықты түбінде:
Иманына келтірді,
Арбакешті өлтірді,
Шынылардан басқа сонда не өндірді?
* * *
Қарап тұрсаң, көптен-көп,
Болмашы үшін кісі қанын төккен көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу