Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Болат

Сынған қылыш жатты бір
Араласып темірге,
Біреу оны сатты бір
Шаруаға тегінге.
Онда көп іс болған ба:
Сол Болатпен бір пайданы тапқалы,
Қылышты тез саптады
Және онымен қабық сырды орманда.
Ал, үйінде ағаштарды жаңқалап,
Шапты бірде бұтақтарды балталап,
Енді бірде жонып жатты қада да.
Жыл өтпестен арада,
Сол Болатты жібергенде лақтырып,
Балта біткен шат күліп,
Мініп алды ат қылып.
Қарап Кірпі іргеден,
Ескерусіз жатқан ескі қорапта,
Бір күні ол былай деді Болатқа:
«Айтшы маған, өмір ме екен бұл деген?
Естуші едім көп тегі
Болат жайлы ел әңгіме еткенін.
Емес пе ұят жаңқа шауып шамалы,
Бірде жонып қаданы,
Ақырында ойыншық боп кеткенің?»
«Жасқар едім жауларды батырлардың қолында, –
Деді Болат, – тап қазір керегі жоқ оның дәл.
Жеңіл-желпі жұмыспенен іске асып,
Тек жатқам жоқ қайда да.
Ұялса сол ұялсын да, қысқасы,
Жарамаса әйтеуір бір пайдаға».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу