Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  149


Автор: Нұрлан Оразалин

ҚАРҚАРА

Ойым сергек… Қиялым, сергек денем,
Қарқараның жазығын тербеп келем.
Шаранасын тепкiлеп шарқ ұрып ой,
бұлқынады нәресте – жөргекте өлең.
Қарсы алдымда – хан таулар, көрiк тұнып,
көңiлiмдi тербейдi, елiктiрiп.
Қалай ғана жыр болып төгiлмессiң,
сұлулықты осынау көрiп тұрып?!.
Сырт қойнауын тербетiп күй алыстан,
Лабасы басынан қиял ұшқан,
Үш Қарқара – жаулығын жайған үш қыз,
махаббаттан, жаралған қиял құстан…
Ұмтылады бiр арман күйiп-тасып,
қылаңытқан бөктерге киiк қашып;
мұз жастанған шыңдарың – батырлардай,
жорықтан соң көз iлген иықтасып.
Ойым сергек, сезiмiм, сергек денем…
Қарқараның жазығын тербеп келем.
Сағыныштың сабылтып сал күреңiн,
туды бiр Сөз-нәресте, жөргекте өлең,
Қарқараның жазығын тербеп менен….
шiлде, 1984 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу