Өлеңдер ✍️
«ЖЫРЫМДЫ ЖАРЫМ СЫНДЫ АЯЛАДЫМ…»
Аманбысың, жайраған сай, тұлдыр шың,
еске алшы бiр бал күнiмдi бүлдiршiн.
Қара жолдың қою шаңы армысың,
сөйлешi бiр, сағынышым шыңғырсын!
Сөгiлшi бiр көкiрегi құса түн,
көктi кезiп қалқышы бiр құс-ақын.
Ұлы қала үмiтiмдi шаршатты,
тауға апаршы көк түтiнi ұшатын…
Көк өзендей күркiреп бiр тасайын,
тасайын да ентiгiмдi басайын.
Көкбастаудан қарап тұрып Қыржолға,
сұлу сөзден сымбатты жыр қашайын.
Күндерiме құлын-тайдай тебiскен
қайта оралып Бекболатпен, Мэлспен;
Жарас пенен Елеместi ертiп ап,
күлдiр-күлдiр құйғытайын еңiспен.
Құла ат мiнiп, құла белден өтейiн,
құла шыңға, қараша үйге жетейiн.
Қараша үйде – қарқарадай ақ күндiк,
ақ күндiктi иiскеп, ұйықтап кетейiн.
Нұрлан ОРАЗАЛИН
76
Көрiп түсте таудың сұлу бiтiмiн,
тас ошақтың «жұтайын» бiр түтiнiн.
Жұтайын да… Оянайын түн ауа
дауысынан селк етiп бiр үкiнiң…
Еске салып бал күнiмдi бүлдiршiн,
жаңғыршы бiр, жайраған сай, тұлдыр шың.
Сағынышым кезiп-шарлап аспанды,
кең ғаламның құлағын бiр тұндырсын…
қазан, 1982 жыл.
***
Iздеумен жанға шипа, сөз-емiмдi,
өткiзiп алдым талай кезегiмдi.
Өмiрдi сөйтiп жүрiп қиындаттым,
өкiнiш өртейдi ендi өзегiмдi…
Серiк қып сергелдең кез, сазды, мұңды,
үркiттiм талай көктем, жаз күнiмдi;
ақ қанат армандардан сан адастым,
алданып болмашыға азды күнгi.
Өзiмдi, өз ойымды жеңе алмастан,
ақындық майданында келем бастан.
Жүрегiм – жұлым-жұлым… Талықсиды…
Жүйрiктей жеткiзбейдi өлең қашқан.
Кеудемде Ай дiрiлдеп, күледi Күн.
(Мен, сiрә, талайлардың тiлегiмiн.)
Жүйрiк Сөз…
Құрықсыз Ой…
Қайда апармақ?
Жетем бе? Жетпеймiн бе? Бiледi кiм?
Тiрлiктiң сұрамастан сая бағын,
Жырымды жарым сынды аяладым.
Адассам осы жолда, ей, Тағдырым!
Мүсiркеме, сен менi аямағын…
қазан, 1982 жыл.
***
Кеше менi сатып кеттi бiр аға.
Шерге баттым… Шектiм азап…(Сұрама!..)
Пендедейiн бiр сұрапыл күй кештiм
қалып қойған тар шатқалда, жырада.
Айқайладым… Жаңғырықты өз үнiм…
Ай сырғыды аспанменен көзi – мұң.
Ойым менiң маңдайымен жар соқты,
жарқабақта жараланды сезiмiм.
Жүрегiмдi буды келiп таспа-мұң,
тындым үнсiз – тарылғандай аспаным.
Көз алдымда аласарды бiр адам,
өзгердi де кебiн киiп басқаның.
Кiсiлiктiң тартылғандай бұлағы,
тауларымның бiтелгендей құлағы;
менi кеше сатып кеттi бiр адам,
көз алдымда бiр биiгiм құлады.
Тағдыр қатал… Қыршып түстi қақпандай…
(Аңдаусызда әлдекiм оқ атқандай).
Жаңғырды үнiм, арым қатты шыңғырды,
шыңырауға құлап бара жатқандай.
Кеше менi сатып кеттi бiр аға,
шерге баттым, шектiм азап…
(Сұрама!..)
Тұншықтырды сезiмiмдi сор, ұйық,
Ойым қалды тар шатқалда, жырада…
қараша, 1982 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter