Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  84


Автор: Абдрахман Асылбек

Сыпырғы

Сыпырғы үлкен абыройға бөленді –
Сыпырмайтын болды енді еденді:
Мырзалардың тапсырылды шекпені,
(Әсті, мастау күтушілер шептегі)
Сыпырғы іске кірісті:
Бай көйлегін қаға берді батпандай,
Ал, шекпенде бидай түйіп жатқандай,
Шынында да бұл бір ғажап жұмыс-ты.
Қырсығы сол – аунапты ол батпаққа,
Бұл тірліктен өнер не?
Сүрткен сайын шекпенді, арта түсті сатпақ та.
* * *
Артық зиян көрер де,
Егерде,
Надан барып өзі білмес бір іске,
Ғалымдарды түзетуге кіріссе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу