Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  96


Автор: Абдрахман Асылбек

Масақ

Егістікте еркін өскен бір Масақ
Шыны астында тұрған гүлді аңғарды.
Әрі жылы, әрі жарық үй жасап,
Аялаған адамдарға таңданды.
Ал, бұл болса көрді ме екен күй таңдап?
Деді сонда қапаланып Диханға:
«Неге сонша әділетсіз едіңдер?
Көзге ұрса кім түрімен,
Бар ынтаны аудардыңдар шынымен.
Пайдалыны түсінбей, керегі жоқ дедіңдер.
Негізгі өнім түспейді ме егіннен?
Қарашы өзің, қандай әсем кеңістік!
Тұқымыңды сепкен күннен тегіс қып,
Шыныменен қаптап бізді жаптың ба?
Қопсытып бір көрсеттің бе шапағат?
Суардың ба шөлдегенде қаталап?
Жоқ, бейнетпен келген бізге бақ мұнда.
Ал, гүлдердің үйірін,
Шықпаса да олардан еш бүйірің,
Біз секілді кең далада тастамай,
Жылы жерде өсіресің басқадай.
Бізге-дағы бөлсең сонша көңілді,
Алда ақтап теріңді,
Жинар ең мол өнімді.
Сонда астығың астанаға жетеді,
Бізге-дағы жылы үй саласаң не етеді?»
«Тыңда, достым, – деді Дихан, – шамасы,
Еңбегімнің ұқпағансың бағасын.
Сендерге еткен қамқорлықта шек бар ма?
Көп күш жұмсап, жанды салып көкпарға,
Талдарды отап, тазаладым тың жерді,
Осыншалық бейнетімді кім көрді?
Енді оны қозғай қояр көп бар ма?
Пайда жоқ.
Жауыныңды көктен сұрап ала бер.
Құлақ ассам сен ұсынған жайға тек,
Онда гүлсіз, әрі астықсыз қалар ем».
* * *
Кейбір тұрғын осындай,
Мейлі сарбаз, мейлі азамат болсын жай,
Біреулерді құр күндеп,
Жүргендері күңкілдеп,
Оларға да айтар ем осы жайды білсін деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу