Өлеңдер ✍️
Тарақ
Баласының шашы үшін анасы
Сатып алды Тарақты.
Қолынан еш тастамастан баласы,
Ойыншық қып үйренді алғаш сабақты:
Бұйра шашын алтынды,
Елтірідей жалқынды,
Секілді бір майда кендір жібегі,
Сол Тарақпен тарады ол үнемі.
Қандай Тарақ? Шашқа тіпті ыңғайлы,
Бір талын да жұлмайды.
Жеңіл тарап тұрды барлық кездері,
Күлімдеді балақайдың көздері.
Бірде бала Тарағынан қағылды,
Содан кейін ойынға кеп салынды.
Шашы ұйысты баланың,
Жылады ол қолы тисе ананың:
«Қайда – деп, – өз Тарағым?»
Тарақ қайта табылды.
Бірақ, енді батпады ол басына,
Зорлық түсті шашына.
«Неткен зұлым Тарақ едің оңбаған!» –
Деді бала сонда оған.
Тарақ айтты: «Сол күйдемін мен әлі,
Сенің ұйпа басың бұған кінәлі».
Бірақ, бала білмей істің терісін,
Лақтырды оны өзенге;
Жатыр енді таранып су перісі.
* * *
Көргем барлық кезеңде,
Шындықты да тап осылай пұлдайды.
Ары таза адамға
Шындық сұлу әманда,
Оны ел құптап, тыңдайды:
Ал, жаныңа кір жұқса,
Алыстайды шындық та:
Басқалар да баладай, батылдыққа бара алмас,
Ұйысқан шаш таралмас.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter