Өлеңдер ✍️
Бақа мен құдай
Тұратұғын батпақты бір бөктерде
Бақа ауысып көктемде,
Таудың үстін таңдады.
Тауып онда алаңқайды құрақты,
Орын тепті тұрақты.
Нулы, нәрлі, секілді еді жұмақ бір;
Қызығы тек көп ұзаққа бармады:
Жаз да жетіп жалынды,
Мекен-жайын құрғатты күн аптабы,
Ол жерде енді шыбын-шіркей қаптады.
«О, Құдайым! – Бақа інінде табынды, –
Мен сорлыны қинай бермей өн бойы,
Жерді селдет – тауға жетсін деңгейі.
Ешқашан да құрғамасын тұрағым,
Шалқып жатсын су-ағын!»
Бақа солай жағы сембей сарнады,
Юпитерді қарғады енді былай да,
Деп көмегі не рақымы қалмады.
«Мисыз! – деді Құдай да,
(Демек, әлі ашусыз бір райда), –
Бостан-босқа бақылдама, жетеді,
Топандатып, сен сұрады екен деп,
Ел қырғанша бекерге,
Төмендегі батпаққа өзің барсаң не етеді?».
* * *
Белгілі ғой ондайлардың арманы:
Басқалардың тірлігі не, сөзі не?
Жақсы жағдай болса болды өзіне,
Күйе берсін қалғаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter